Ismoon — IT және маркетинг агенттігі. Біз бизнесті тиімді цифрландыруды және әсерлі маркетинг қызметін ұсынамыз. Біздің командада 5-8 жыл түрлі бағытта жұмыс істеген мамандар бар. Жұмыс тәжірибемізде 100-ге жуық жобаны іске асырдық.
Кез келген өнім — мейлі ол тауар, сайт немесе мобилді қосымша болсын — стратегиялық маркетингсіз толыққанды нәтиже бермейді. Сондықтан біз сізге кешенді қызмет ұсынамыз: әдемі, қолайлы IT шешімдерден бастап, клиенттердің ағынын қалыптастыруға дейін.
Логотип, брендинг, визитка, полиграфиялық өнімдер және т.б.
Күрделі сайттар мен платформалар жасау. SEO оңтайландыру мен контекст жарнамалары.
Брендтің танымалдығын арттыру және клиенттермен байланыс орнату.
Сатуға бағытталған мәтіндер жазу.
Мамандар нарықты, бәсекелестерді және жоба ерекшеліктерін зерттейді.
Жобаға сай маркетинг стратегиясын құрамыз.
Әр маман өз бағыты бойынша жоспарланған жұмыстарды атқарып, нәтижені ұсынады.
Шыншылдық: артық уәделер бермейміз және бизнеске қажет жұмыстарды ғана ұсынамыз.
Кәсібилік: шешімдерді тек білімнің, тәжірибенің және үрдістерді терең түсіну негізінде қабылдаймыз.
Кешенділік: кәсіпке жан-жақты қарап, мәселелерді жүйелі түрде шешеміз.
Бизнесті цифрландыру арқылы өркендетіп, жаһандық жетекші IT компаниялардың біріне айналу. Біз адамның кәсіби шеберлігі мен заманауи технологиялардың үйлесімі қоғам дамуының драйвері екеніне сенеміз.