Егер сіз жарнамадан нәтиже көрмей, ақшаңыз ақталмай жатса, бәлкім, жарнамаңызға копирайтинг жетіспейді

Сіздің мәтініңіз — жай ғана әдемі сөздер ме, әлде фактілер ме? Мәтін сіз туралы тек мақтаулар ма, әлде клиенттің шешілмеген мәселесі туралы ма?

Копирайтинг — бұл жай ғана сөздер емес, бұл — сату құралы.

Біз бизнестің талаптарына сай және тапсырмаларын шешетін коммерциялық тексттерді жазамыз.

Біздің бағыттар

...

Сайттардың конверсиясын арттыратын тексттер.

...

Әлеуметтік желідегі оқырмандарды сатып алушыға айналдыратын посттар.

...

Серіктестеріңізге тиімділікті дәлелдейтін презентациялар мен коммерциялық ұсыныстар(КП).

...

Брендке деген сенім арттыратын мақалалар және т.б.

Копирайтинг бизнеске не береді?

Назарды ұстау

Клиенттің қызығушылығын алғашқы сөйлемнен оятып, ұсыныстың тиімділігіне көз жеткізу.

Сенім уялату

Оқырманның күмәнін сейілтіп, өніміңіздің артықшылығын дәлелдейді.

Имидж қалыптастыру

Компания туралы дұрыс пікір қалыптастырып, нарықтағы беделіңізді арттырады.

Бәсекеден озу

Сізді басқалардан ерекшелейтін бірегей стиліңізді қалыптастырады.

Табысты арттыру

Тұтынушының қажеттіліктеріне дөп тиіп, сатып алуға итермелейді.

Мән беріңіз

Клиентті қызықтырып, сендіретін мәтін жазу ғана кейде жеткіліксіз. Көп жағдайда маркетинг құралдарын кешенді түрде қолдану қажет. Сондықтан біз кәсіби тексттерден бөлек, тартымды дизайн әзірлеу, сайт жасау және әлеуметтік парақшаларын (SMM) жүргізу қызметтерін ұсынамыз.

Мәтіндеріңізді табыс әкелетін құралға айналдырыңыз!

Атыңызды енгізіңіз
Email поштаңызды енгізіңіз
Телефон нөміріңізді енгізіңіз
Жоба туралы қысқаша жазыңыз

Портфолио